"Қош келдің, әз Наурыз!" » КГКП "Ясли сад №144"
Алматы қаласы білім басқармасының
«№144 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 373-31-79
Әдіскер:
+7(727) 373-19-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қош келдің, әз Наурыз!"
05
мамыр
2018

"Қош келдің, әз Наурыз!"

"№144 бөбекжай балабақшасы" атынан сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – жақсылық пен молшылықтың, жаңару мен тазарудың айы. Тарихы тереңнен тамыр алған, бұл күннің әлеуметтік-рухани мәні мен маңызы зор. Күннің ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын кезеңі – Наурыз ырыc пен берекенің бастауы. Осы орайда біздің балабақша да Наурыз мерекесін атап өткен болатын!
Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелте берсін. Жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан еліміздің ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен жалғаса берсін.
Елімізді шуағына бөлеген Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мол ырыс пен мызғымас ынтымақ сыйласын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!



[/center]