"Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала" байқауы
Балабақшамыздың тәрбиеленушісі Дәулет Амина "Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала" байқауынан «Қос бұрым» тақырыбындағы байқауға қатысып, аудандық кезеңде II орын иеленді. Жас қатысушымыз өз өнері мен белсенділігі арқылы көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Тәрбиеленушімізді дайындаған тәрбиешісі — Бекболат Ақтолқын Орасханқызы. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік жетістіктер тілейміз! 🌸👏