02
қыркүйек
2025
Ересек “Балдырған” тобы
Т
опта күн тәртібі дұрыс жолға қойылған: балалардың ойыны, сабақтары, демалысы мен тамақтануы жүйелі түрде өткізіледі. Педагогтар балалардың қызығушылығы мен қабілеттерін дамыта отырып, оларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, достыққа тәрбиелейді. Топтың материалдық-техникалық базасы талапқа сай. Ойын және оқу құралдары жеткілікті, қауіпсіздік ережелері сақталған. Балаларға қолайлы жағдай жасалған: кең, жарық бөлме, демалыс және ойын аймақтары бар. Ата-аналармен байланыс үздіксіз жүргізіліп, бірлесе жұмыс жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Топтағы тәрбиеленушілер ұйымшыл, белсенді, тәртіпті және жаңа білімді меңгеруге құштар
