Балабақшамызда мектепалды тобының тәрбиеленушілермен аудандық семинар өткізілді » КГКП "Ясли сад №144"
Алматы қаласы білім басқармасының
«№144 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 373-31-79
Әдіскер:
+7(727) 373-19-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Балабақшамызда мектепалды тобының тәрбиеленушілермен аудандық семинар өткізілді
13
қараша
2025

Балабақшамызда мектепалды тобының тәрбиеленушілермен аудандық семинар өткізілді


«Мектепалды топтарында сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы құқықтық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбындағы бүгінгі семинар мектепке дейінгі ұйымдарда құқықтық тәрбиені ойын арқылы берудің маңызын тағы бір дәлелдеді. Сюжеттік-рөлдік ойындар – баланың қоршаған ортаны тануына, өз рөлдерін түсінуіне, құқықтары мен міндеттерін табиғи түрде меңгеруіне мүмкіндік беретін ең тиімді әдістердің бірі екені анықталды.
Семинар барысында педагогтер баланың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдары, ойын сюжеттерін мазмұнды жоспарлау, шынайы өмірге жақын жағдаяттарды модельдеу сияқты өзекті бағыттармен танысты. Тәжірибе алмасу арқылы әріптестер жаңа идеялар мен әдістемелік тәсілдер алды.
Алдағы жұмыста осы тәжірибелерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу, балалардың құқықтық ой-өрісін дамытуға бағытталған ойын ортасын жүйелі ұйымдастыру — біздің басты міндетіміз. Бірлесе атқарылған жұмыстар нәтижесінде мектепалды жастағы балалардың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік дағдылары нығаятынына сенімдіміз.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз!