№2 педагогикалық кеңес » КГКП "Ясли сад №144"
Алматы қаласы білім басқармасының
«№144 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 373-31-79
Әдіскер:
+7(727) 373-19-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қараша
2025

№2 педагогикалық кеңес

Балабақшамызда №2 педагогикалық кеңес өтті
Тақырыбы: "Спорттық іс-шаралар арқылы денсаулықты сақтау бойынша жұмысты жетілдіру"
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау және нығайту басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы орайда спорттық іс-шаралар балалардың физикалық дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Педагогикалық кеңесте балалардың денсаулығын сақтау бағытында жүргізіліп жатқан спорттық іс-шаралардың тиімділігі талданып, дене шынықтыру сабақтары, таңертеңгілік гимнастика, қимылды ойындар мен спорттық мерекелердің маңызы атап өтіледі. Сонымен қатар, балалардың жас ерекшеліктеріне сай қозғалыс белсенділігін арттыру, жарақаттың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Кеңес барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, спорттық іс-шараларды ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолдану, ата-аналармен бірлескен спорттық іс-шараларды өткізу арқылы баланың денсаулығын сақтаудағы жауапкершілікті күшейту жолдары ұсынылады.
Қорытындылай келе, спорттық іс-шаралар арқылы денсаулықты сақтау бойынша жұмысты жетілдіру педагогтер мен ата-аналардың бірлескен, жүйелі әрекеті арқылы жүзеге асатыны атап өтіліп, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер белгіленеді.