
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметін автоматтандыру, ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың сабаққа қатысуын мониторингілеу және бақылау үшін "Алматы қаласының Білім басқармасы" КММ QR-код және «iGolek Family» мобильді қосымшасы арқылы сабаққа қатысу функционалын енгізу пилотты режимде жоспарланғанын хабарлайды. Баланы балабақшаға күнделікті қабылдау кезінде ата-ана https://balabaqsha.bilimalmaty.kz/ (ақпараттық жүйенің мобильді нұсқасы) арқылы QR-кодты генерациялау қажет және белгілеу үшін Тәрбиешіге/балабақша қызметкеріне көрсету керек немесе баланың келіуін «iGolek Family» мобильді қосымшасы арқылы белгілеу қажет. Қазіргі кезде оқыту жұмыстары жүргізілуде және ілестіріп жүретін адамдарды қосуды сұраймыз. Электрондық нұсқаулық жіберіледі. [media=
]