01
ноябрь
2024
Тұмаудың алдын алу

Тұмау белгілері: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас пен бұлшық ет, тамақтың ауыруы, жөтелу және әлсіздік.Тұмау тез өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Сырқат өкпе қабынуы және бронхит сияқты асқынуларға әкеледі. Сондай-ақ, бұрыннан бар жүрек пен өкпе ауруларын қайта қоздырады
- Алдын алу шаралары:
науқас адаммен байланыста болмауға тырысу;
науқас адаммен байланыста болғанда бетперде тағу;
инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу;
жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу;
көп адам жиналған жерде болмауға тырысу;
бөлменің ауасын жиі тазарту.
Тұмауға шалдыққанда ауруды таратпау және емделу шаралары:
үйде отбасының басқа мүшелерінен оқшаулану;
аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ дәрігер шақыру;
бір реттік орамал пайдалану;
дәрумендерге бай сұйықтықтар ішу;
дәрігердің нұсқауына сай ем қабылдау.
