02.03.2016 жылы "Ана-біздің гүліміз" атты мерекелік іс - шараны Ортаңғы "Жұлдыз" тобы өткізді
Ортаңғы "Жұлдыз" тобы
Тәрбиеші: Махабаева Майра Қанатбекқызы
"Ана - біздің гүліміз!"
(Балалар әсем безендірілген залға музыка ырғағымен кіреді)
Қолдарына гүл шоқтарын ұстаған қыздар, музыка ырғағына сай би қимылдарын билейді.
Жүргізуші:
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана дем әділдікті ұғамын.
Біз ғана емес
Қадір тұтқан балалар,
Аналардан не бір туған даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар қасиетті аналар!
- Аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, ардақты ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - аналар мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын, көктемнің гүліндей жайнап, ұзақ ғұмыр кешіңіздер.
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Т.нде бесік таянған
Бұл кім?
Балалар: АНА
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл АНА екен. Бүгінгі әсем аяулы аналарымызға арнаймыз!
"Ақ мамам" әнін қабыл алыңыздар
Ендігі кезекте, біздің ұлдарымыздың орындауында "Жігіттер" биін тамашалаңыздар!
"Жігіттер" биі
А. Ислам
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі-
Қандай ғажап күлкісі.
Сырым
Қайырымды, қасиетті
Ең ардақты ақ әжем,
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес бал әжем
Аман-есен жүріңіз
Бар тілегім сол әжем.
Нұрдаулет
Еркелесем күлімдейді,
Ұрысқаны білінбейді,
Мағдайымнан иіскеп мені
Құлыншағым күнім дейді.
Бақытжан
Айналайын анашым
Әлемдегі жан асыл
Әлішер
Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Нұрбек
Аяулы менің анашым
Жаһанжа жалғыз данасың
Жаныма сая панасың
Аман болшы жан асыл
Т.Ислам
Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен сол жақын маған
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам
Жүргізуші: Ару қыздарымыздың орындауында "Гүл, көбелек" биін қабыл алыңыздар!
"Гүл, көбелек" биі
Амина
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен,
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар мекен?!
Нұрсая
Мейірімді жібектей,
Күндей стық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
"Құлыным" деп құшады.
Аяжан
Анам менің - алтын күннің шуағы,
Анам менің - қмірімнің шуағы.
Анам менің - сүйетұғын жаныммен,
Басымдағы бақытымның тұрағы.
Жүргізуші: Ару қыздарымыздың орындауында "Тәтті, тәтті" биін қабыл алыңыздар!
"Тәтті, тәтті" биі
Шұғыла
Үнқатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
8-ші мартыңмен.
А.Зере
Мейірімді, сымбатты,
Қадірменді, қымбатты.
Ең жақын жан анаға,
Кім десеңдер ол - АНА!
К.Інжу
Барлығына бірдейсің,
Қамқор ана гүлдейсің.
Жайна, жайна анашым,
Қамқорым менің данасың.
Айым
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Қ.Зере
Бейнетімнен қашпаған,
Еңбегі үлкен басқадан.
Ол өзімнің анашым,
Жүрегі кең жақсы адам.
Жүргізуші: Көрікті де, сымбатты қыздарымыздың "Көбелектер" биін тамашалаңыздар!
"Көбелектер" биі
Сәуле
Маған ақыл беретін
Әжем менің асыл жан.
Симап жақсы көретін
"Құлыным"- деп басымнан
Амира
Таусылмайды өлеңі,
Қүнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Тәтті алып келеді.
Әжем менің өйткені,
Өте жақсы көреді.
Жүргізуші: Ендігі кезекте ару да, әсем қыздарымыздың "Көңілді күн" биін тамашалаңыздар!
"Көңілді күн" биі
Каусар
Сәби болған кезімде
Ақ сүт берген анашым
Анашымдай дүниеде
Жақсы жанды таппайсың
М.Інжу
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам,
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам.
Айсұлу
Әлпештеген баласын.
Ана бақыт, ана күн.
Жүргізуші: Өнерлі ұлдарымыздың орындауында "Біз өнерлі баламыз" биін қабыл алыңыздар!
"Біз өнерлі баламыз" биі
Жүргізуші: Балалар бізге көктем аруы келіпті
Балалар: Таңқалада
Көктем аруы:
Мен көктеммін, көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал еккенмін.
Жайнататын бар гүлді,
Сайрататын бұлбұлды.
Тілеп жылға оң қадам,
Ән арнайды ел маған
Тіршіліктің бастауы
Көктем айы мен болам.
Көктем аруы:Балалар біз анамызды өте қатты жақсы көреміз, солай ма?
Балалар: Иә
Көктем аруы:Балалар онда біз аналарымызға бақсы бір көңіл күй сыйласақ қалай қарайсыңдар?
Балалар: Иә
Көктем аруы:Ондай болса ойын ойнауға 3 баланың анасын ортаға шақырайық.
Ойын шарты: Ойынның аты "Кім жылдам" Балалар қызыл, сары және жасыл наскилер киіп отыр, және қолымызда қызыл , жасыл, сары футболкалар бар. Сіздер балалар қандай түсті наски кисе сондай түсті футболканы аз уақыт ішінде кигізулеріңіз керек. Ондай болса ойын басталды. (Балалар шеңбер бойымен жүгіріп аналарынан қашады)
Жүргізуші: Өнерлі қыздарымыздың орындауында "Айым болып тудыңба" биін қабыл алыңыздар!
Көктем аруы:Өте тамаша би жарайсыңдар балалар! Мен енді өзімнің нұрыммен жер әлемді оятайын. Сау болыңдар балалар, келгенше жыл айналып
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің "Ақ мамам" әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің ақ аналарына деген сыйлақтарын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің "Әсем биін" тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!