Сулейменова Үрзада Елжанқызы (логопед)
Мен Сулейменова Урзада Елжанқызы, 1993 жылы 2 ақпанда ОҚО, Түркістан облысы Қайнар елді мекенінде дүниеге келдім. Толық отбасында өсіп-жетіліп, 2010 жылы М.Әуезов атындағы орта мектебіннен жоғары балл жинап, аяқтадым. 2010 жылы Алматы қаласына келіп, Абай атындағы педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультетінде Арнайы педагогика мамандығының грант иегері болдым. 2 жыл Дефектология 2 жыл логопед саласын оқып шығып, логопед және Бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шықтым. 2013 жылы оқуымды оқып жүріп Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясында логопед маманы болып жұмыс атқардым. 2014 жылы бокалаврды аяқтай салысымен КГУ ОШ №116 орыс тіліндегі мектепке логопед маманы болып жұмысқа тұрдым. Ол жерде 8 жыл жұмыс жасап, балабақшаға ауыстым. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап №52 бөбекжай-балабақшасында дефектолог-логопед маманы болып жұмыс атқардым. 2023 жылдың жаңа оқу жылынан бастап тек логопед маманы болып жұмыс бастағаннан соң №144 бөбекжай-балабақшасына логопед маманы болып жұмысқа тұрдым. Қазіргі уақытта осы екі балабақшада жұмыс атқарып келемін. Жұмысымды, балаларды жақсы көргендіктен нәтижесімен жемісін көрудемін.