22
март
2024
22-Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметті әріптестер, достар мен серіктестер!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ұлыс оң болсын, Қазақ елі!
Жаңа күннің нұрланып шықты ерек,
Жаңа жылың шығыстан берді дерек.
Жер - Ананың өңірі аққа иіп,
Жер жаһанның етегін жапты желек.
Жеткенде наурызкөк жылы жақтан,
Наурызшешек көз ашар әлмисақтан.
Таңдайыңда бал татып ұлыс дәмі,
Белкөтерер берілер бауырсақпен.
Ұйқыашарға асығып қыз - жігіттер,
Үй аралап үлкендер жүз жібітер.
Алқа топқа берілген ақ баталар,
Самарқанның тасын да бір үгітер.
Бәйшешекпен көктесе көңіл көгі,
Жаңа бақыт жеткізер жылдың лебі.
Жаңа күнің бұл сенің, жаңа жылың –
Наурыз құтты болсын, Қазақ елі!
Ізгі ниетпен: Ахметова Раушан Мешитбаевна!