«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» әдістемелік кеңес » КГКП "Ясли сад №144"
Алматы қаласы білім басқармасының
«№144 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 373-31-79
Әдіскер:
+7(727) 373-19-81
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» әдістемелік кеңес
16
наурыз
2026

«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» әдістемелік кеңес

«Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» әдістемелік 

«Заң және тәртіп – қауіпсіз білім беру ортасының негізі»


Мақсаты: Педагогтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, білім беру ұйымындағы тәртіп пен заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:
    •    Педагогтардың заң туралы білімін толықтыру    
    •    Тәрбие барысында тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіру   
    •    Құқықтық жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету

Балабақшада «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында педагог қызметкерлер арасында әдістемелік кеңес ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – тәрбиешілердің құқықтық мәдениетін арттыру, балаларға заңға құрметпен қарау мен тәртіпті сақтау құндылықтарын ерте жастан қалыптастырудың тиімді жолдарын талқылау болды.

Әдістемелік кеңес барысында педагогтар «Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі» тақырыбында пікір алмасып, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға құқықтық тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, тәрбиешілер күнделікті оқу-тәрбие процесінде тәртіп ережелерін сақтауға үйрету, балалардың бір-біріне құрметпен қарауын қалыптастыру, әділдік пен жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді дамыту жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кеңес барысында балалармен өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар, ойындар, әңгімелесу және көрнекі материалдарды қолдану арқылы «заң», «тәртіп», «ережелер» ұғымдарын түсіндірудің әдістері ұсынылды. Педагогтарға балалардың жас ерекшеліктеріне сай тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар берілді.

Іс-шара қорытындысында тәрбиешілерге құқықтық тәрбиені оқу-тәрбие жұмысына жүйелі түрде енгізу, балаларға тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру бағытында жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.